15 Ақп 2022
Страницы KZ ГККП "Ясли-сад №2 "Айгөлек" ГУ "Отдел образования Мартукского района Управления образования Актюбинской области"

Мектеп туралы

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы мәлімет.

 

№2 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы, Байғанин көшесі, №135 үйде орналасқан. 1945 жылы салынған МДҰ типтік ғимараттан тұрады. Территориясының жалпы аумағы 395,6 кв.м., ғимараттың аумағы 1182 куб.м. Балабақша газдық жылыту жүйесімен жұмыс жасайды. Меңгеруші бөлмесі-1, медбике бөлмесі-1, әдістемелік бөлме-1, балаларды қабылдау бөлмесі-2, топ бөлмелері – 3. Асхана, жылыту қазандығы бөлмесі бөлек орналасқан.
2006 жылы аудан бойынша тұңғыш қазақ балабақшасы болып ашылды. Балабақша 70 орынға арналған. МДҰ-да 3 топ жұмыс жасайды.
І кіші топ- «Балапан» тобы, 2жастан бастап.
ІІ ортаңғы топ – «Гүлдер» тобы, 3 жастан бастап.
ІІ ересек топ – «Көбелек» тобы, 4 жастан бастап.
Оқу-тәрбие жұмысы 3 топта мемлекеттік тілде жүргізіледі.
2013 жылы балабақша күрделі жөндеуден өткізілді.

Жалпы ұжымда  23 жұмысшы. Олардың ішінде 10 педагог, оның ішінде жоғары білімді -5 тәрбиеші, арнаулы орта білімді -5 тәрбиеші. Біліктілік санаты бойынша  барлық тәрбиешілерде педагог-модератор санаттары бар  және  13 тех.персонал  жұмыс жасайды

Жыл бойы тәрбиеленушілеріміз облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Айта кететін болсақ,

Білім беру мен тәрбие деңгейлері бойынша:

Облыстық байқау – 2025 жылы 1 тәрбиеленуші 1 орын;

Республикалық байқау – 2025 ж. 2 тәрбиеленуші 1 орын;

Халықаралық байқау – 17 тәрбиеленуші қатысып, 5 тәрбиеленуші  2 орын;

Білім берудің сапалы қызметі:

Аудандық семинар – 2025ж мамыр айы

Аудандық би байқауы «Менің елім –бақытты балалалық шағым»- 1 орын

Юнеско клубы ұйымдастыруымен аудандық «Қамажай-2025» -І дәрежелі диплом

Аудандық конференция – 14.01.2026ж

Аудандық «Жыл тәрбиеші байқауы» - тәрбиеші 3-орынға ие болды.

 «Дарын» шығармашылық жұмыстар рейтингі: 

2025 жылы  «Өнеріміз саған- Қазақстан» республикалық фестивалінің облыстық кезеңіне қатысып 10 тәрбиеленушіміз ІІІ дәрежелі диплом. 

2025 жылы  «Дарынды 1000 бала» 10 тәрбиеленуші ІІ дәрежелі диплом

 2025 жылы «Мақатаев оқулары» конкурсына 12 тәрбиеленуші қатысты, сертификатқа ие болды.

2021 жылы Халықаралық қашықтық олимпиадасы - 8 тәрбиеленуші 1 орын, 2 тәрбиеші 2 орын және жетекшілері  марапатталды.

Республикалық «Өрлеу» порталы өткізген «Қош келдің, Алтын күз!» атты сурет байқауында 2 тәрбиеленуші 1 орынға ие болды.

Республикалық «Өрлеу» порталы өткізген «Абай – дана, Абай - дара» байқауында 8 тәрбиеленушілер І орынға ие болды.

Халықаралық ғылыми- тәжірибе орталығы «Қысқы ертегі» атты байқауда 5 тәрбиеленушілер ІІ орынға ие болды.

Халықаралық «Точка роста» атты қашықтық олимпиадасында -8 тәрбиеленушілеріміз І орынға, 2 тәрбиеленушілер ІІ орынға ие болып,  жетекшілері марапатталды.

2025-2026 оқу жылында Халықаралық «ПОНИ» байқауына 41 тәрбиеленушілер қатысып,  18 бала жеңімпаз атанды.

Ақтөбе облыстық «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми- тәжірибелік орталығы өткізген «Ұлы Жеңіске тарту» байқауында 2 тәрбиеленуші ІІ орын, 1 бала ІІІ орынға ие болды.

Тәрбиешілер балаларды түрлі байқауларға қатыстырып, дайындағандары үшін Грамоталармен, Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

2025ж. «Білім айнасы» республикалық ғылыми танымдық орталығының  бояулар құпиясы атты Республикалық байқауда 15 тәрбиеленушілер қатысып,  І дәрежелі жүлдегеріне ие болды.

2024ж. «Ustaz joly» ғылыми әдістемелік орталығының «Алтын күз» атты І Республикалық қолөнер онлайн байқауында 14 тәрбиеленушілер қатысып І дәрежелі жүлдегер атанды.

Біздің педагогтарымыз  аудандық «Жыл тәрбиеші» байқауына қатысып , орындарға ие болды.

2025-2026 ж оқу жылынан бастап Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының «Жасыл балабақша» пилоттық жобасы 2 жыл мерзімге құрылды.Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп  жатыр.

 

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар